Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін

22
фото qazaly.kz

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасауы бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері» туралы № 30 бұйрығымен айқындалады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мыналар жатады:
1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер;
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы «Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес «эпидемиялық мәні жоғары объектілер» санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу арқылы жұмыс жасауы тиіс.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу;
3. Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу;
4. Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге Рұқсаттар мен оларға қосымшаларды беру, қолданысын қалпына келтіру, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату;
5. «Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін.

Н.М.Сарсенбаев

Шымкент қаласы Абай ауданының СЭББ басшысының орынбасары