«Неотәңіршілдікті» ұстанып, діни алауыздықты қоздырғаны үшін жаза тағайындалды

31
фото Шымкент соттары
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушыға ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен (діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау) айып тағылған.
К. «неотәңіршілдікті» ұстана тұра, бір жылға жақын уақыт аралығында «TikTok» әлеуметтік желісінде «стрим» тікелей хабарларын өткізіп, діни алауыздықты қоздыру мақсатында ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздыруды негіздейтін ойларын жария жасаған.
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
 
Жаза тағайындау барысында сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасаған әрекетіне шын өкінуін таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. К. ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеді.