Полиция старшинасы Данияр Сартаев Шымкент қаласы ПД-нің кинология орталығында он жылға жуық қызмет атқарады. Өз ісінің білікті маманы кинолог қызметіне келу жолы туралы баяндап берді.
Кезінде аудандық полиция бөлімінің кезекші жүргізушісі болған Данияр шығыс еуропалық овчарканы өлімнен құтқарып қалған.
Қазіргі таңда Рекс оның төртаяқты серіктесі. Полиция итінің қатысуымен бүгінде 20-ға жуық қылмыс ашылып, із-түзсіз жоғалған 25 адам табылған.