Полиция қызметкерлері алаяқтарға алданбаудың жолы айтты

24
© Photo : Pixabay / Mimzy
Соңғы кездері интернет желісін пайдалана отырып жасалатын алаяқтық құқық бұзушылық фактілері көбеюде. Адамдарды алдау үшін алаяқтар «Instagram», «Facebook», «Telegram», «Вконтакте» әлеуметтік желілерін, olx, market, kolesa, krisha сайттарын және What’s App мессенджерін пайдалануда. Олар жалған интернет-дүкендер, «фейк» парақшалар, сайттар ашып, түрлі тәсілдермен адамдарды алдап, сенімдеріне кіреді.
Мысалы, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, есепшоттағы ақшаларды бөгде адам түсіріп алайын деп жатқанын айтып, есепшоттағы ақшаларды резерв шотқа салуға сендіріп, әр түрлі халықаралық банк карталарына аударту арқылы иемденіп алуда.
Одан басқа, азаматтардың жеке мәліметтерін пайдалана отырып, әр түрлі микрокредиттік мекемелердің сайттары арқылы онлайн несиелерді рәсімдесе, «Instagram», «Вконтакте», «What’s App» әлеуметтік желілері арқылы және olx, kolesa, krisha сайттары арқылы парақша ашып, әр-түрлі (пәтер, автокөлік, оның бөлшектері, киім-кешек, аяқ-киім сату, пәтер жалға беру, жұмысқа орналастыру, несие алып беру, банктегі қара тізімнен шығарып беру қызметтері және т.б.) жарнамалар шығарып, интернет желісінен жүктелген тауарлардың фотосуреттерін жүктеп, арзан бағаға сатылатыны туралы жарнамалаған.
Жарнамаға қызығушылық танытып, хабарласқан адамдардан алдын-ала төлем талап етіп, «QIWI» әмияны немесе абоненттік нөмірге бірлік ретінде, сондай-ақ, банкоматтық карточкаларға ақша аударту арқылы немесе шығарылған шынайы жарнамаларға жалған қызығушылық танытып, сатып аламын және сол үшін ақша аударамын деп сендіріп, адамдардың банкоматтық карточка нөмірлерін және ұялы телефонына келген смс-кодтарды біліп алып, интернет-банкинг жүйесін бұзу арқылы есепшоттағы ақшаларды басқа есепшотқа аударып, иемдену де көрініс табуда.
Осындай жайттарға байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қауіпсіздік шараларын, атап айтқанда,
-Банкоматтық картаныздың нөмірін және CVV-кодын, ұялы телефонға банктен келген смс-кодтарды ешкімге айтпауды,
-Жеке куәлігіңіз бен банкоматтық карточкаларыңыздың фотосуреттерін, ЖСН және банктердегі есепшот нөмірлеріңізді ешкімге жолдамауды,
-Егер Сіздің банкоматтық картаңызға ақша түссе, ол ақшаның нақты қайдан түскенін банк арқылы білуді,
-Күдікті сайттарға, «What’s App» мессенджеріндегі «ақша көбейтетін» топтарға кірмеуді,
-«AnyDesk» бағдарламасын ұялы телефонға қондырған кезде сақ болуды,
-«MetaTrader 4» платформасымен жұмыс жасағанда ерекше сақ болуды ескертеді.