Қазақстандықтар уақыт ауысқаннан кейін электр энергиясын көбірек тұтынуда

21

Сағатты бірыңғай уақыт белдеуіне ауыстыру қазақстандықтардың өміріне елеулі өзгерістер туғызды. Енді жұмыс уақытының жартысында қараңғы түсіп, адамдарды жарықтандыру мен басқа да тұрмыстық техниканы көбірек пайдалануға мәжбүр болып жатыр. Нәтижесінде, «KEGOC» АҚ деректеріне сәйкес, Қазақстанда электр энергиясын тұтыну ұлғайды, ал Ресейден электр энергиясын импорттау көлемі күрт өсті, бұл энергия жүйесіне артқан жүктемелерді өтейді.

Сағат тілі 17:30-ды көрсетіп тұр, бірақ айнала қараңғы түн сияқты. Шымкентте күн көкжиектен кешкі сағат бес шамасында, нағыз жұмыс және оқу уақытының қызған шағында батады. Кеңселерде, үйлер мен көшелерде шамдар ерте қосылады. Адамдар қазір қараңғылықтың ерте түсуіне бейімделіп, әдеттегі өмір ырғағын сақтауға тырысуда.

Электр энергиясын тұтынудың мұндай күрт өсуі қала тұрғындары үшін қатты байқалуда. Мәселен, коммуналдық төлемдер сияқты электр желісіне жүктеме артады.

«Бұрынғыға қарағанда қазір жарыққа көп көп төлеп жатырмыз. Кешке үйге қайтқанша қараңғы түсіп кетеді».

«Қазір жарықтың шоттары қымбат шығып жатыр, ерте қараңғы түскен соң, жарықты да ертерек қосуға тура келеді».

Қазақстанда уақыт ауысқаннан кейін электр энергиясының шығыны ұлғайды. KEGOC мәліметтері бойынша, 2023 жылдың екінші жартыжылдығы мен 24 жылдағы тұтыну арасындағы айырмашылық шамамен 4% болды. Алайда, жетіспеушілік байқалмайды. Тек Ресейден электр энергиясын сатып алу көлемі күрт өскен.

«KEGOC» АҚ баспасөз қызметі: «2023 жылғы 1 наурыздан 31 қазанға дейін – 14 миллиард 939 миллион теңге сомасына 817,5 млн кВт/сағ көлемінде электр энергиясы ағындарының нақты мемлекетаралық сальдосының жоспарлы сальдодан сағаттық ауытқуларының орнын толтыру үшін «KEGOC» АҚ-ның РФ-дан ҚР-ға электр энергиясын сатып алынды. 2024 жылғы 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін-17 миллиард 759 миллион теңге сомасына 884,7 млн кВтсағ көлемінде қаржы төленді».

Энергетика саласы сарапшысының айтуынша, Қазақстан жыл сайын энергия тұтынуды арттырып келеді. Мұның себебі уақытты өзгерту емес. Елде тұрмыстық және электр құрылғыларының, электр машиналары мен скутерлердің саны артып келеді, сонымен қатар, көптеген кәсіпорындар ашылуда.

Олжас Байділденов, ҚР Энергетика министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі: «Қазіргі уақытта электр қуатын тұтыну өсуде және импорт та ұлғаюда — бұл нақты факт. Электр энергиясының бағасы өсуде және біз оны құнының ең жоғары уақытында сатып алып жатырмыз. Ресейде қуаттылықтың профициті болғаны және қалаған кезде сатып ала алатынымыз жақсы».

Биыл 1 наурызға қараған түні Қазақстан +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Сауда және интеграция министрлігі өкілдері осы мәселе бойынша «қазақстандықтар бірнеше рет жүгінгендіктен» уақытты ауыстыруға шешім қабылдағанын айтады.

Қазақстандықтар уақытты қайтару үшін петицияларға бірнеше рет қол жинады. Бірақ Үкімет халықтың бұл өтінішіне әлі назар аудара қойған жоқ.

Гүлдана Сейдрасул