ҚМА алаяқтардың жаңа әдіске көшкені туралы ескертеді

22
фото ҚМА

Қаржылық мониторингі агенттігі қаскүнемдер өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалу арқылы алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткен жайлы хабарлайды.

Алаяқтар телефон арқылы азаматардың ақшасын бөгде біреу ұрлауға тырысып жатқаны жайлы айтып, олардың шоттарындағы қаражатты сақтау үшін жалған қызметкерлердің нұсқауларын орындауды сұрайды.

Өздерінің қызметкер екенін растау мақсатында, алаяқтар жалған куәліктер және ҚМА логотиптері бар өзге де құжаттардың фотосуреттерін жібереді.

Олардың ықпалына түскен азаматтар өз жинақтарын зиянкестердің шоттарына аударады.

Сонымен қатар, Қаржылық мониторингі агенттігінің атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшаларды ашу фактілері де жиілеп кеткен.

Белгісіз тұлғалар азаматтарға алаяқтық жобаларға салынған қаражаттарын тез қайтаруды ұсынады.

Парақшада жеке деректеріңізді, телефон нөмірін, сондай-ақ жоғалған қаражат сомасын енгізу ұсынылады.

Содан кейін әр түрлі нөмірлерден, оның ішінде шетелдік нөмірлерден де агенттер сізге қоңырау шалып, өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырады және банктік шотыңыз бойынша мәліметтерді алуға тырысады.

Қаржылық мониторингі агенттігі жеке тұлғаларға телефон байланысы арқылы да, мессенджерлер арқылы да қоңырау шалмайды.

Азаматтардан қырағы болуға, ақпаратты ресми дереккөздермен салыстыруға және алаяқтардың айла-амалдарына алданбауын сұраймыз.