Қорқытып 1 млн. теңге талап етіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды

22
Фото: ult.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бес сотталушыға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Сотталушылар ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен (қорқытып алу, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолдану) айыпталған.
Сотталушылар 2024 жылдың ақпан айында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолдану арқылы, жәбірленуші Н.-ның такси жолаушысын соққыға жыққан адамы олардың танысы екендігін айтып, алдын-ала дайындалған жиналмалы пышақпен және «Сталкер» маркалы ашық-шулы тапаншамен қорқытып, жәбірленуші Н.-дан 1 000 000 теңге ақшалай қаражат беруге мәжбүрлеп талап еткен, алайда жәбірленуші аталған сомманы бере алмайтынын айтып 300 000 теңге беруге уәделесіп, 80 000 теңге несие алдырып қалған ақшасын тауып келуді тапсырған, полиция қызметкерлеріне ақшаны алу барысында ұсталған.
Сотталушылардың кінәсі өздерінің жауаптарымен, куәгерлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, жасырын тергеу әрекеттерімен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
Прокурор сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші сотталушыларға кешірім бермейтінін және жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды. Сотталушылар кінәларын толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушылардың қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргендерін, ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот, С.-ға ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қалған төрт сотталушыға ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген.