7 кәсіпкерді қорқытып, әрқайсысынан 25 мың теңгеден иеленген

50
фото: LZ Retailytics

Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа келіп түскен сигнал бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік басшыларының заңсыз әрекеті тоқтатылды.

Тексеру барысында прокурорлар екі басшының азық – түлік дүкендеріне барғанын және сатушылардан жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік туралы бұзушылықтарды хабарламауы үшін ақша талап еткені анықталды.

Осылайша, қорқытып алу арқылы 7 кәсіпкердің әрқайсысынан 25 мың теңгеден иеленген. Прокуратураның нұсқауы бойынша полиция органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот үкімімен кінәлі тұлғалар ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2), 3) тармақтары бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет жасалған қорқытып алушылық үшін сотталды. Сотталғандардан материалдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.