Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы бірнеше нысанды аралап көрді. Атап айтқанда, Абай көшесінің бойындағы панноларды жаңалау,№4 шағын ауданындағы саябақ құрылысының жұмысы, №2 мөлтек аудандағы игерусіз жатқан аумақты абаттандыру және бұрынғы құрылыс бұйымдары комбинаты (КСМ) жері мемлекет меншігіне қайтарылып, 4 га аумаққа дендросаябақ салу жұмыстарын талқылады.
«Аудан тұрғындарының таза ауада күнделікті бой сергітіп, таза және жасыл саябақтарда серуендеуі үшін жағдай жасалуы керек. Бұл ең бірінші экологияға оң әсер етеді. Ал КСМ жерін дендросаябаққа айналдыру бұл қаламыздың көркі ғана емес, жасыл қалаға айналуымыздың бастамасы»- деді Арман Романұлы.