Шымкентте есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды

30
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау фактілерін анықтады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалардың есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдарын анықтады.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Кибернадзор» жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды.

Қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.