Шымкентте жаңа ЖЭО салынады

27

 

Елдегі әртүрлі аймақтарды жылумен қамту мәселесі шешіліп жатқанда Шымкентте жылу электр орталығы жүйесінің жұмысын жаңартудың жолы табылды. Қазір сұраныс көп кезең, сәйкесінше Шымкенттегі энергия тұтыну мөлшері 550 мегаватты құрайды.

Мегаполисте бүгінде тек бір жылу электр орталығы жұмыс істеп тұр, ол 120 мегаватт энергия өндіреді. Қала билігі энергия көзінің тапшылығы бар екенін мойындап отыр, оны Екібастұз жылу орталығы мен басқа да станциялар арқылы Энергетика министрлігі мен KEGOC жүйесі тарапынан бөлінген көлемдер бойынша жабады.

Қала әкімдігі атап өткендей, бұл жоба инвестициялық сипатқа ие және құрылысқа бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды. Инвесторлар бұл жобаға 700 миллион доллар жұмсамақ, ал жылу электр орталығының қуаты 500 мегаватты құрайды. Жаңа орталық бұдан өзге жылу энергиясын да өндіретін болады.

Рзабек Меңдіқұлов, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы: «Қажеттіліктерді жабу үшін жылдың көктемінде біз түрік компаниясымен меморандумға қол қойдық. Өткен аптада Шымкент қаласының әкімі осы компанияның акционерлерімен тағы бір кездесіп, қазір жаңа жылу электр орталығының құрылысын жүргізу туралы келісімшарт әзірленуде. Менің ойымша, биыл жыл соңына дейін құрылыс басталады».

Шұғыла Ерментай