Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды

34
фото ОТЫРАР

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен 78 жастағы қарияның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы 5-қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Бүгінде полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексiнің 306-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды»

Оқиға орнында тағы 3 адам болған. Олар сол сәтте ауруханаға жеткізілген. Науқастардың бірі тіпті жансақтау бөліміне жатқызылған.

Асылбек Мыңбосынов, дәрігер-токсиколог: «Қабылдау бөліміне 3 науқас жеткізілді. Апа және 2 немересі. Апаның жағдайы ауыр болған соң реанимацияға жатқызылған. Келесі күні токсикология бөлімшесіне ауыстырылған. Бүгін немересі мен екеуін үйіне шығардық. Жағдайлары жақсы болуына байланысты»