35748 әскери бөлімінің мергендер взводының сержанты Әсілбек Қарабай Қазақстан Қарулы күштерінің үздік сержантын анықтайтын XIV бүкіл армиялық конкурсында «Үздік взвод сержанты» номинациясында жеңіске жетіп, батылдық пен кәсіби шеберліктің үлгісі атанды. Жарысқа қатысу үшін Қарулы күшдердің 118 үздік сержанты келді. Олар өздерінің әскери бөлімдерінде, әскер түрлері мен тектерінде іріктеу жарыстарынан топ жарып, ақтық кезеңге қатысуға жолдама алған болатын.
Әсілбектің осы маңызды жеңіске жету жолы көптеген жаттығулар мен қайсар мінезден бастау алды. Бұл оған өзінің әскери бөлімі деңгейінде де, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы шеңберінде де үздік екенін дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Іріктеу жарыстарында Әсілбек ерекше дене қабілеттерімен ғана емес, әскери тарих саласындағы терең білімдерімен де көзге түсті. Оның еңбекқорлығы мен өз ісіне беріктігі, басқа қатысушылардан ерекшелендіретін негізгі факторға айналды. Алайда, нағыз сынақ оны бәсекелестік ерекше қатал болған байқаудың соңғы кезеңдерінде күтті.
Жарыс барысында сержант Қарабай «Айбын» әскери-спорт кешенін қоса алғанда, бірқатар жауынгерлік және спорттық сынақтардан өтті. Бұл кешен 100 метрге және 3 шақырымға жүгіруді, кермеде тартылуды және қоян-қолтық ұрысты қамтыды. Жоғарыда келтірілген сынақтар тек физикалық күшті ғана емес, сонымен қатар ептілікті, төзімділікті және стресстік жағдайларда тез шешім қабылдауды қажет етті.
Жамбыл облысында орналасқан «Айша бибі» полигонында Әсілбек «Қайсар» әскери-кәсіптік кешеніне қатысты, онда оны қиылысқан жерлер бойынша ұзақ қашықтыққа жүгіру күтіп тұрды. Мұнда ол өзінің ату және граната лақтыру шеберлігін көрсеттіп, өзінің жоғары кәсібилігін тағы бір рет растап, мергендер взводының сержанты лауазыма сай екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, сержанттар «Керуен» шеруінен өтуі керек еді, бұл нағыз төзімділік сынағы болды, өйткені олар 10 шақырым қашықтықты салмағы 15 келілік сөмкемен өтуі керек.
Әдеби-көркемөнер «Сері» байқауында Әсілбек және басқа да қатысушылар әскери дайындық шеңберінен тыс өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік алды. Байқаудың бұл бөлігі қатысушыларға өздерінің даралығы мен шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін айрықша бөлімге айналды.
Әсілбек Қарабайдың «Үздік взвод сержанты» номинациясындағы жеңісі — бұл оның жеке жетістігі ғана емес, әскери бөлім мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы үшін де жеңіс. Оның жеңісі көптеген қызметтестері үшін талпыныс тудыратын «мотивация» болып, өз кәсібіне деген адалдық пен еңбекқорлықтың арқасында үлкен жетістіктерге жетудің мүмкін екенін дәлелдеді.