«Жасыл ел» еңбек жасақтарының маусымдық жобасының жабылу салтанатты өтті. Биыл жоба аясында 1300-ден астам жас жұмыспен қамтылып, арнайы «Жасыл ел» формасымен қамтамасыз етілді. Бүгін еңбек жасағының құрамында болып, белсенді жұмыс істегендер марапатталды.
Шымкенттің көркеюіне үлес қоқан 40 жас салтанатты түрде марапатталды. Олардың қатарында 20 жастағы Еділхан Қуанышбайұлы да бар. Жас жігіт «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамында болып, қалалық деңгейдегі іс-шараларда белсенділік танытты. Айтуынша, ол бұл жұмыс арқылы бос уақыттын тиімді пайдаланған.
Еділхан Қуанышбайұлы, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшесі: «Жасыл ел еңбек жасақтарында 1 ай жұмыс істедім. 1 айдң ішінде көшеде, аулаларда, қала сыртында жұмыс істедік. «Жасыл ел» еңбек бағдарламасы маған ұнады. Күнделікті өзіміздің сабақ графигімізге ыңғайлы. Өте жақсы болды. Қаламызға үлесімді қостым деп ойлаймын»
«Жасыл ел» бағдарламасы студент — жастарды жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді. Жыл сайын қарқынды түрде жұмыс атқарып келе жатқан еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1313 жас жұмыспен қамтылды.
Бақытжан Тұрысбек, «Жасыл ел» еңбек жасағының ұйымдастырушысы: «1313 жастың бәріне ақы төленді. Бірақ оларға тұрақты емес, уақытша жұмыс орындары. 1 айлық жұмыс жасады. Айлық жалақы 75 мың теңге төленді»
«Жасыл ел» еңбек жасақтарының маусымдық жабылу салтанатына қатысқан мамандардың айтуынша, «Жасыл елдегі» жастар аймағымыздың көгалдануына ғана емес, Қазақстанның өркендеуіне де зор үлес қосып келеді.
Заңғарбек Үсіпахметов, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы орынбасарының м.у.а.: «2005 жылдан бері «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары сәтті жұмыс істеп келе жатыр деп айта аламыз. Сіздер біздің қаламыздың көркеюіне үлкен үлес қосқан азаматсыздар. Және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жобасының негізгі жүзеге асырудағы үлкен қозғаушы күші бола білдіңіздер».
Еңбек сарбаздары тазалық жұмыстарына ғана атсалыспай қалалық деңгейдегі іс-шараларға, түрлі сала өкілдерінің белгілі тұлғаларымен кездесулерге қатысты дейді жауаптылар.