Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы болып табылады.
Ал, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 1-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция.
Атап айтқанда, жер учаскесін сату-сатып алу шартын жасау аудандық, қалалық жер қатынастары бөлімдері тарапынан жүргізіледі.
Алайда, жер учаскесін сату-сатып алу шартын жасасу мәселесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ретінде енгізілмеген.
Қазіргі таңда, Департаментпен жасырын қызметтерді анықтау мақсатында тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі Агенттікке тоқсан сайын жолдануда.