Жеке сот орындаушының қаулысы заңсыз деп танылды

24
фото Ашық дереккөзден
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Ж.-ның М.-ға жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік талап қоюы қанағаттандырылды.
Әкімшілік талап қоюды қанағаттандыруға негіз болған сотпен анықталған төмендегідей мән-жайлар болып табылады. Яғни, атқару өндірісін қозғауға негіз болған сот актісі мен атқару парағы мемлекеттік тілде шығарылған. Сәйкесінше, жеке сот орындаушы М.-нің атқару өндірісін қозғау туралы қаулысы мемлекеттік тілде шығарылған.
Алайда, жауапкер М. өзінің қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулысын «Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 8-бабының талаптарын бұза отырып, орыс тілінде шығарған.
Сонымен қатар, сот талқылауында талап қоюшы әкімшілік талап қоюында көрсеткен уәждерде өз дәлелін тапты. Нақтырақ айтқанда, талап қоюшы баламен қарым-қатынас тәртібін айқындау туралы атқарушылық өндіріс бойынша борышкер болып табылады.
Ал, атқару құжатында баланың әкесінің, ата-әжесінің баламен кездесуі кезінде баланың анасы қатыспауы керек деп көрсетілген.
Баланың жасы алтыда. Талап қоюшы баланың әкесімен, ата-әжесімен кездесуден бас тартатынын айтты. Сондай-ақ, кездесу орны анықталмаған.
Бұл ретте, жеке сот орындаушы атқарушылық әрекетке қатысатындарды анықтап, баламен кездесу бойынша атқарушылық әрекеттерін жүзеге асыру үшін қамқоршылық және қорғаншылық қызметін атқаратын өкілетті органның, психологтың, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектордық және куәгерлердің қатысу мәселесін шешу керек болатын.
Осы негіздерде, сотпен атқарушылық құжат толық немесе ішінара орындалмағандықтан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы қаулы шығаруға негіздер болмағаны анықталды. Шешім заңды күшіне енді және жауапкермен шағым жасалмай, толығымен орындалды.