Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған ер адамды ұстады.

Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да дәл осындай алаяқтықтың 2 фактісіне қатыстылығын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгеден астам. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.