Шымкентте тұратын 3 жасар Хан Ералыға көмек қажет. Бүлдіршінге қатерлі диагноз қойылды. Баланың сол көзіндегі тамырдан улы ісік анықталған. Егер дереу ота жасамаса, көз жанарынан айырылуы мүмкін, ал егер ісік миға шапса, өміріне қауіп төніп тұр. 3 жасар Ханның туыстары жаны жомарт жандардан көмек сұрайды.
3 жастағы Хан Ералыға осыдан 1 апта бұрын дәрігерлер қатерлі ісік диагнозын қойды. Бүлдіршіннің көзінен үшінші кезеңдегі Ретинобластоманың с тобы анықталған. Яғни, баланың сол көзіндегі тамырында улы қатерлі ісік бар. Дегенмен, ақ халаттылар мұның себебін анықтай алмай отыр. Анығы, дереу ота жасау қажет.
Айнұр Құрбан, анасы: «Бала туылғанда басын түсіреді ғой, сол кезде басындағы суы мөлшерінен көптеу деген. Біз емдетіп жүрдік, одан кейін невропатолог ол дәрілерден кетпеген соң, жылына бір рет су мөлшерін біліп отыру мақсатында жыл сайын КТ аппаратына түсіріп отырыңыздар деді. Биыл қыркүйек айында түсірдім, врачтар айтты бірдеңе дұрыс емес, көз дәрігеріне жібереміз деді. УЗИ бізге анықтап берді, «ісік сияқты тұр, бірақ біз білмейміз, мұны бізде анықтайтын аппарат жоқ» деді».
Дәрігерлер бұл улы ісік болғандықтан операция тез арада жасалмаса, бүлдіршін көз жанарынан айрылуы мүмкін екенін айтыпты. Ал уақытты созып жүріп алса, екінші көзіне өту қаупі де бар екен. Ең қорқыныштысы, ісік миға жапса, баланың өміріне қатер төндіреді.
Айнұр Құрбан, анасы: «Қазір сол көзі ғой бұл анықталғаны, екінші көзіне өтпеуі керек. Бұл улы ісік. Қазір көзінің көруі нашарлап жатыр. Операция жасайтын болса, көзі мүлдем көрмеуі мүмкін. Ал дәл қазір ем бастайтын болсақ, көзінің көру қабілетін де аман сақтап қалуымыз мүмкін. Қазір біз уақыт жоғалтып алатын болсақ, ісік ары қарай миға кетуі мүмкін немесе екінші көзіне кетуі мүмкін. Ол кезде баланың өміріне қауіп төнеді».
Қазақстанда бұл дертке ота жасайтын аппарат жоқ екен. Сол себепті Ханның ата-ансы шетелден жәрдем іздеген. Түркиялық дәрігерлер дереу ота жасап, кемінде 2 рет химия алу керегін айтыпты. Емнің құны — 25 млн теңге. Ал отағасы құрылысшы болып жұмыс істейтін бұл отбасының мұндай үлкен қаржыны қалтасы көтермейді.
Айнұр Құрбан, анасы: «Қазір бізге Түркия мемлекеті 1 операция мен 2 химияның суммасын есептеп 25 млн деп айтып отыр. Ал ол бізге өте ауыр сумма болып тұр. Көмектесемін деген жомарт жандар болса, біз қуана қабыл алар едік».
Қазір Ханның жақындары тек 3 млн-ға жуық қаржы жинап үлгерген. Егер қиындыққа тап болған отбасы мен қатерлі дертке душар болған 3 жасар Ханға көмек қолын созамын деушілер болса, экранда көрсетілген нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз.
РЕКВИЗИТ:
Байланыс нөмірі:
+77051743131 анасы Айнұр Құрбан
KASPI
+77051743131 Айнұр Қ
4400 4302 7983 5547
XALYK
4003 0351 0752 7280