79 адам жол апатынан қаза тапқан

30
ОТЫРАР

Шымкентте жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған зейнеткерді көлік қақты. Қатты соққы салдарынан 75 жастағы әйел оқиға орнында мерт болды. Бүгінде апаттың мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Шымкент қаласының Полиция департаменті: «2 желтоқсанда Жібек жолы көшесінде Nissan Primera автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерден жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Жәйт бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде»

Айта кетсек, Шымкентте жыл басынан бері 79 адам жол апатының салдарынан қаза тапқан.