2023 жылдан бастап Шымкент қалалық Абай атындағы орталық кітапханасы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын толықтыру мақсатында «СИРЕК КІТАПТАР СӨРЕСІ» атты ерекше марафонды іске қосты.
Марафон аясында кітапхана қорына қосылған 40-тан астам сирек кітаптардың қатарында: Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының 1948 жылы шыққан алғашқы нұсқасы «Абай» кітабы мен Бауыржан Момышұлының қолтаңбасымен шыққан «За нами Москва» кітабы бар.
Бұл бастама кітапхана қорындағы сирек кітаптарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу үшін маңызды қадам болып табылады.