Дизельді бөшкені газбен жылытпақ болған ер адам қаза тапты

25
фото rutube.ru

Шымкентте дизель құйылған бөшкені жылытпақ болған ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға «Тассай тас» компаниясының аумағында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм дизель отыны құйылған бөшкені газ баллонымен жылытуға тырысқан. Сол сәтте жарылыс болып, 39 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болған.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі:
«Аталған жайт 8 желтоқсанда орын алды. Жұмыс жүргізу кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік қағидаларын бұзу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды»