Жаңа жыл қарсаңында GraMaD супермаркеттер желісі мен Coca-Cola керемет акция ұйымдастыруда. Науқанға қатысып, iPhone16 Pro Max, PlayStation және сертификаттар сияқты керемет сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар. Ойын шарттары өте қарапайым!
Жаңа жылдық мерекелер Coca-Cola және «Граммад»-пен бірге одан сайын жарқырай түспек! 15 қарашадан 15 қаңтарға дейінгі аралықта Граммад сауда желісінің кез келген сатып алушысы акцияға қатыса алады. Бағыңызды сынап көру үшін қарапайым шарттарды орындап, чекті дүкеннің ресми сайтына немесе әлеуметтік желілеріне тіркеу жеткілікті. Чек саны неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады!
Файзулла Жібек, GraMaD компаниясының қызметкері: «15 қарашадан бастап GraMaD дүкендер желісінің барлық сауда орнында акция өтуде. Егер сіз 1 литрлік Coca-Cola Classic, Coca-Cola Zero, Fanta немесе Sprite сусындарының 2 бөтелкесін сатып алсаңыз, «GraMaD»-пен өзіңізге сыйлық жасаңыз» акциясына онлайн режимде қатыса аласыз. Ол үшін супермаркеттер желісінен кемінде 5 мың теңгеге сауда жасау маңызды. Басты жүлде – 3 дана iPhone 16 Pro Max ұялы телефоны, сондай-ақ Apple брендінің басқа да құнды сыйлықтарын ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұдан өзге Плей Стейшн пен GraMaD сертификаттары және Coca-Cola-дан шопперлер ай сайын ойнатылады».
Ұтыс ойындары ай сайын GraMaD-тың Instagram парақшасында тікелей эфирде өтеді. Қатысу оңай, ал сыйлықтар сіздікі болуы әбден мүмкін. Ең бастысы — жеңіске сеніп, үміттену!
Сатып алушы: «Мен жыл сайын осы акцияға қатысамын. Өкінішке қарай, әзірге ұтысқа қол жеткізе қойған жоқпын, бірақ биыл жеңіске жетемін деп үміттенемін. Баршаңызға айтарым – қатысыңыздар, ең бастысы – сеніңіздер, сонда міндетті түрде сыйлық иесі боласыздар!»
«GraMaD» ұтыс ойынымен жаңа жылыңыз одан сайын сиқырға толы бола түсетініне сеніңіз! Науқанға қатысып, сыйлықтар ұтыңыз және мерекеден ләззат алыңыз!
Мұхаммедали Шалхарбай