Үшінші мегаполисте биыл кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 2,7 пайызға азайған. Оны ішінде ұрып-соғу, ұрлық фактілері бар. Бұзушылықтарды жою мақсатында қалалық прокуратурада мобильдік топтар құрылды. Мамандар жыл басынан бері жүргізілген жұмыс нәтижесінде 600-ден астам баланың бейімдеу орталығына орналстырылғанын мәлімдеді.
Прокуратура әлеуметтік желілерде суицидке итермелейтін 32 сайт пен 31 ойынға тосқауыл қойды. Жауаптылар биыл кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар саны 34 пайызға өскенін мәлімдеді. Ал, жасөспірімдер арасындағы жыныстық сипаттағы әркеттер бойынша 26 жайт тіркелген.
Қайсар Қалдыбаев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі: «11 айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы әрекеттер саны азайған. Өткен жылы мұндай 29 факт, биыл 26 жайт орыналған. Дегенмен біз мұндай қылмыстарға қарсы жұмыстарды тоқтатпаймыз. Бұл бағытта мектептегі медбикелер емханалармен тығыз жұмыс жасауы керек деп ойлаймыз».
Биыл кәмелетке толмағандан жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстар 2,7 пайызға, яғни, 111-ден 108-ге дейін төмендеген. Қалалық прокуратурада мобильді топтар құрылып, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 600-ден астам бала бейімдеу орталығына орналастырылған.
Бақытжан Байғозиев, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы: «Қауіпті аймақ 9-11 сыныпа арасындағы оқушылар. Олармен интенсивті жұмыс жасау мәселесін біз қозғадық. Сол мәселенің бәрі басқарма басшысымен, қала әкімінің орынбасарымен қолдау тапты. Қазіргі таңда біз қосымша психологтан бөлек, сынып жетекшісі балалармен тығыз байланыста болу керек».
Мамандар отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде де сөз қозғады. Биыл отбасы тұрмыстық қарым-қатынастарында жасалған қылмыстар саны 32-ден 146-ға дейін артқан. Нақтырақ айтқанда, қылмыстық кодекстің «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша 38 қылмыс тіркелсе, «ұрып-соғу» бойынша 84 қылмыс анықталған.