Келестік оқушы мал ауруларын ерте анықтау жүйесін жасады

34
фото КАӘБҚ
Түркістан облысы, Келес ауданындағы №35 А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Сапарбай Рамазан «Мал ауруларын ерте анықтау жүйесі» тақырыбында ерекше ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді.
Зерттеу барысында жоба макетін де құрастырды. Бұл жоба ауыл шаруашылығын дамытуға, малдың денсаулығын сақтау арқылы өнімділікті арттыруға бағытталған. Оқушының ғылыми жетекшісі, биология пәні мұғалімі Пармбетова Айнурдың айтуынша жобаны зерттеуді шәкіртінің бастамасымен бастаған.
— Шәкіртімнің бұл жобасы ауыл шаруашылығындағы маңызды мәселелердің бірі мал ауруларын дер кезінде анықтауға көмектеседі. Макетте арнайы сенсорлар мен деректерді талдау жүйелері қарастырылған. Болашақта бұл жүйе мал дәрігерлерінің жұмысын жеңілдетіп, ауыл шаруашылығындағы шығынды азайтуға септігін тигізеді, – дейді Пармбетова Айнур.
Аталған жоба аудандық «Зерде» байқауында үздік жұмыстардың қатарынан көрініп, әділқазылардың жоғары бағасына ие болды. Мұндай ғылыми жобалар оқушылардың зерттеушілік қабілетін шыңдап, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
Айта кету керек жас ғалым отбасында ірі қара малдың бір түрі жылқы өсіреді. Ауылда тұрғандықтан отбасында жылқы қарап қолғабыс танытып жүр.