Масаң күйде көлік айдағаны үшін бас бостандығынан айырылды

29
Фото: pexels.com
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды.
Сотталушы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпталған. С. өзінің өмір бойына автокөлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, 2024 жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласы, Өмешұлы көшесінің бойымен «NISSAN PICK-UP» автокөлігін масаң күйде басқарып, жол ережесін өрескел бұзған.
Сотталушының кінәсі өзінің, куәлердің жауаптарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
 
Прокурор сотталушы С.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескерді. Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ деп тапты.
Сот, С.-ны ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен, көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жазасын өтеу қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеу белгіленді, себебі 2022 жылы 15 сәуірде ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған, сотты бола тұра қайта қылмыс жасаған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.