Мефедрон саудасы бойынша бас бостандығынан айырылды

24
фото vozvrashchenie.com
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ә. және С.-ға қатысты ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен (аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, заңсыз өткізу мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен және электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотталушылар 2024 жылдың ақпан айында жұмыс іздеп, «Телеграм» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз тұлғамен жылдам ақша табу мақсатында сөз байласқан.
Сол сайт арқылы тапсырыс бойынша «Қайтпас-1» мөлтек ауданында, көше бойында газ құбырына психотропты затты жасырып жатқан жерінен ұсталып, тексеру барысында аса ірі мөлшерде психотропты зат — меткатинонның аналогы – жалпы салмағы 9,476 грамм мефедрон табылған.
Сотталушылар Ә. және С.-ның тінту хаттамаларымен, кінәсін мойындап берген жауаптарымен, куәлардың жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және өзге де құжаттармен дәлелденеді.
Прокурор сотталушыларға әр қайсысына 11 жыл 3 айдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушылар жасаған қылмыстық әрекеті үшін шын жүректен өкініп, ең төменгі жазаны тағайындауды сұраған.
ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сот жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, сотталушылар Ә. және С.-ға ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен кінәлі деп танылып, әр қайсысына 10 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуді белгілеген. Үкім заңды күшіне енген.