Негізсіз баю сомасын қайтаруды сұраған…

24
Фото: jas.kz

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында талап қоюшы Ж. жауапкерлер Ү. және Е.-ден негізсіз баю соммасын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талап қоюшы жауапкер Е. өзінен қарыз сұрағанын, бірақ ол ақшаны жауапкер Ү.-ге 2021 жылы банк қосымшасы арқылы 350 000 теңге аударғанын, алайда жауапкерлер қарыз ақшаны қайтармағанын, сол себепті екеуіне негізсіз баю соммасын қайтаруды сұраған.
Сот, істі даярлау барысында тараптарға татуласу құқығын, оның ішінде сотта татуласудың тиімді тұстарын түсіндіргеннен кейін, тараптар татуласуға келісетінін көрсеткен. Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiлді.
Бұл іс бойынша төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылып, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды. Сот тараптармен келісілген дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты. Сот актісі заңды күшіне енбеген.