Жастардың несие алып, қарызға батуы кеңінен етек алып барады. Олардың кейбірі әсерлі бейнеролик түсіруге, тіпті туған күн тойлауға қарызға ақша алады екен. Бейресми деректерге сүйенсек, шымкенттік жастардың 80 пайызында кредит бар. Сарапшылар бұл жағдайды қаржылық сауаттылықтың төмендігімен байланыстырып отыр.
Микрокредиттік ұйымдардан қарыз алғандардың бірі – 20 жастағы Диана. Бойжеткен туған күнін атап өту үшін 200 мың теңге несие алған. Мерейтойдың өткеніне бірнеше ай болса да, жас қыз бұл берешекті әлі төлеп жүр.
Диана, студент: «Мерейтойымды атап өтейін деп кредит алдым. Микрокредит. Өйткені басқа жақтан несие берген жоқ. Туған күнімді жақсы атап өттім, бірақ кредитті төлеу өте киын болды. Қазір әлі төлеп жүрмін. Өкінемін кредит алғаныма»
Қазақстанда жастардың несие алып, қарызға батуы кеңінен етек алып барады. Олар өздерін «керемет көрсету үшін» кредит алады екен. Бейресми деректерде, Шымкенттегі жастардың 80 пайызында несие бар делінеді.
Дәурен Тұрғынбай, Шымкент қаласы Экономикалық тергеу департаменті басқарма басшысының м. а.: «Бейресми деректерге сүйенек, жастардың 70-80 пайызында кредиті бар. Қазіргі таңда жастардың кейбірі үйлену тойы үшін махаббат хикаяларына арналған роликтерді түсіруге, тіпті туған күнін атап өту үшін де миркоқаржы ұйымlарынан қарызға ақша алды. Ал олардың пайыздық мөлшерлемесі шамамен 43 пайызды құрайды»
Бүгінде мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы сабақтар ұйымдастырылып отырады. Алайда бұл шаралар жеткіліксіз дейді қаржыгер Талғат Игіліков. Оның айтуынша, балалар ата-аналарынан үлгі алады. Сондықтан алдымен үлкендер қаржыны дұрыс басқаруды көрсетуі керек.
Талғат Игіліков, қаржыгер: «Бүгінде түрлі жарнама, әлеуметтік қысым өте көп. Өзің қаржыдан қысылып жүргенде сондай жарнамаларға қалай алданып қалғаныңды байқамай қаласың. Егер ата-ананың қаржылық сауаттылық туралы білімі болса, оны балаларына да үйрете алатын еді»
Айта кету керек, елімізде халықтың қарызға батуы рекордтық деңгейге жеткен. Бүгінде жұмыс істейтін азаматтардың 80 пайыздан астамында несие бар. Бұл шамамен 8 млн адамды құрайды. Сондықтан қазіргі таңда кепілсіз кредит алу шарттары қатаңдатылып жатыр.