Қағазбастылықтан 99 пайыз арылдық. 2023 жыл бойынша әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері тарапынан ұсынылған қызметтердің 99 пайызы электронды түрде болған. Ал 131 387 қызмет, яғни, 1 пайыз үлесі кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілген. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы мәлімдеді. Ал биыл 3 тоқсан қорытындысына сәйкес, электронды ұсынылған қызметтердің үлесі 98,4 пайызды құрайды.
Мұхит Кемелов, Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы: «Биыл 24 қызмет автоматтандырылып тұр порталда. Соның 2 қызмет түрі жалпы пайдалануға іске қосылған. Қалғандары бойынша іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, бізде ашықтық бойынша да айта кететін жайт 2022 жылы ашықтық принципі бойынша біз 90 пайыз құрасақ, биыл 95% құрадық».
Қазіргі таңда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жалпы саны 165 болса, оның 25 түрі, яғни 15 пайызы қағаз жүзінде ұсынылған. Сонымен қатар, өңірлік геоақпараттық жүйе арқылы 24 қызмет түрі автоматтандырылып, 2 қызмет түрі іске қосылды дейді басқарма басшысы.