Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында екі депутат сайланды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев Муфтулла Қонақбаевты таныстырып, оған депутаттық куәлігі мен төс белгісін тапсырды.
Сонымен қатар, мәслихат депутаты Ноян Төлегеновтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі талқыланды. Оның өз өтініші бойынша өкілеттігін тоқтату туралы шешімді депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді. Оның орнына «Ақ жол» партиясының шешіміне сәйкес, Батырбек Әшірбаев депутат болып сайланды.
Қайырбек Құнанбаев, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Заңға сәйкес партия өзінің резервте тұрған адамын ұсынады. «Ақжол» партиясының хатына сәйкес, шығып қалған орынға Батырбек Әшірбаев тіркелсін және оған төсбелгі мен куәлік табыс етілсін! 18 мың сайлаушы қатысып, оның 73 пайызы немесе 13 мың адам дауыс Қонақбаев Муфтулла сайланды. Осыған сәйкес №16 округ депутаты болып Муфтулла Қонақбаев тіркеліп, оған депутаттық куәлік пен төсбелгі берілсін!»