Қазақстандықтар Орта Азия бойынша ең көп зейнетақы алады 

21

Қазақстан Орталық Азия бойынша ең көп зейнетақы төлейтін елдердің бірі. Елдегі орташа зейнетақы мөлшері 89275 теңгені құрайды. Бұл Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан сынды елдердің төлемінен жоғары. Алайда елде бейнетінің зейнетін көрем дегендер шалқып жүрген жоқ. Тіпті төменгі күнкөріс деңгейіне әрең жететін қаржымен, біраз қиындықтарға тап болады. 

Қазақстандық зейнеткерлер Орта Азия бойынша ең жақсы зейнетақы алатын жандар екен. Өзге Орталық елдерінің ресми деректеріне сүйенсек, аймақтарында ай сайынғы орташа зейнетақы мөлшерін 90 мың теңгеден асырмайды. Ал Қазақстан мұнда зейнетақы мөлшері жоғары ел болып тұр. Біздің зейнеткерлер орташа есеппен 89275 теңге алады.

Екінші орында Қырғыстан, онда теңгеге шаққанда 55 мың теңге төлейді. Енді кезекте Өзбекстан, күнгей беттегі көрші елде бейнеттің зейнетін орташа көрсеткіште 47560 теңгеге бағалаған. Ең аз орташа зейнетақы сомасын тәжікстандық зейнеткерлер алады, ол- небәрі 17257 теңге.

1-ОРЫН ҚАЗАҚСТАН — 89 257 ТЕҢГЕ АЙ САЙЫН;  2-ОРЫН ҚЫРҒЫСТАН — 9 379 СОМ АЙ САЙЫН (54 965 ТГ); 3-ОРЫН ӨЗБЕКСТАН — 1,2 МЛН СУМ  АЙ САЙЫН (47 560 ТГ); 4-ОРЫН ТӘЖІКСТАН — 370 СОМОНИ АЙ САЙЫН (17 257 ТГ).

Сонда Орта Азия бойынша ең бай зейнеткерлер бізде ме? Бірақ бұл 90 мыңмен өмір сүрген қалай?

Зейнеткер: «Әрине, жоқ. Көп алсаң да жетпейді. Қазір көп зейнеткер, зейнетке шықса да жұмыс жасайды. Себебі қажеттіліктер қымбат». 

«Иә, өмір сүруге болады.

«Тамаққа, дәрі-дәрмекке жеткіземіз. Жалпы жетеді деп ойлаймын. Бірақ тек өзіңе ғана, егер бала, немере болса әрине жетпейді». 

Экономистердің пікірінше, зейнетақы төлемінің деңгейі көптеген факторлармен анықталады. Мәселен, халықтың сатып алу қабілеті, тұтыну тауарларының құны және коммуналдық төлемдердің бағасы біраз рөл ойнайды. Жалпы қазақстандықтар өзге Орта Азия елдерімен салыстырғанда, расында да жоғары мөлшердегі зейнетақы алады. Дегенмен бұл еуропалық елдермен салыстырғанда жағдай керісінше болып, ел азамматарының зейнетақылары әжептеуір аз боп қалады.

Арман Байғанов, «R-Finance» қаржылық кеңесшісі: «Барлығы экономика деңгейінің дамуына, сондай-ақ жинақтау жүйесіне байланысты. Бұрынғы ортақ зейнетақы жүйесі өткеннің еншісінде қалады. Болашақта зейнеткерлер өздері жинаған қаржы көлеміне сәйкес зейнетақы алатын болады. Бұл жеке инвестициялық компаниялар мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялауына қалай қарайтынына тәуелді болады». 

90 мың теңге зейнеткерге жеткілікті болуы үшін бәрі былай болу керек. Зейнетақы алушы жеке өз үйінде тұрып, ауырмай-сырқамай, туысқандарынан үнемі көмек алып, жаңа киімдер сатып алмаса онда сома әбден жетіп қалуы мүмкін. Алайда бұл іс-жүзінде болмақ емес қой.

Арман Байғанов, «R-Finance» қаржылық кеңесшісі: «Еуропа елдерінде, Америка мен Австралияда зейнеткерлер жиі саяхаттап жүреді, өйткені олардың зейнетақысы оларға бұл мүмкіндікті береді». 

Сарапшылар елдегі зейнеткерлер шынында да сапалы өмір сүру үшін зейнетақы мөлшерін жоғарылатып, мемлекет тарапынан кешенді қолдаулардың болу керектігін айтады.