“Қорғау” жүйесінің көмегімен қауіпті жүргізуші туралы ақпаратты алып, шаралар қабылдайды

27
фото ШПД

Жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды анықтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін ІІМ “Қорғау” жүйесін іске қосқан болатын.

Бағдарлама нақты уақыт режимінде:

– жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген;

– техникалық тексеруден өтпеген;

– сақтандыру полисінсіз;

– іздеудегі және айыппұлдары төленбеген;

– бірнеше рет ереже бұзған автокөліктерді анықтайды.

Полиция қызметкері “Қорғау” жүйесінің көмегімен қауіпті жүргізуші туралы ақпаратты алып, қайғылы оқиғаның алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.