Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – еліміздің еркіндігі мен болашағына деген үміт пен сенімнің символы. Тәуелсіздік біздің ең қымбат байлығымыз, оны қорғап, әрі қарай нығайту – әрқайсымыздың міндетіміз.
Тәуелсіздікке қол жеткізу – халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің басталуын айқындаған ұлы оқиға. Бүгінде Қазақстан – бірлік, бейбітшілік және келісімді басты құндылық ретінде ұстанатын қуатты мемлекет.
Біз өзіміздің озық дәстүрлерімізді сақтай отырып, экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асырып келеміз. Нәтижесінде көптеген салада елеулі табысқа қол жеткіздік. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қала тұрғындары да зор үлес қосуда.
Әрі қарай да елімізді одан әрі гүлдендіруге біріге күш салайық. Баршаңызға денсаулық, бақыт, бейбіт өмір және ел тәуелсіздігін қадірлеп, оны қорғауға бағытталған қажырлы еңбек тілеймін.