Шымкентте Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының сарбаздары ант қабылдады

28
фото ШГ

Шымкент гарнизонының 10216 әскери бөлімінің саптық алаңында командирлер, қызметтесітері, туыстары мен достарының алдында 30 күзгі әскерге шақырылушылар әскери ант қабылдады. Олар жақын арада еліміздің әуе шекараларын қорғауға кіріседі. Іс-шараға бөлімнің әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты.

Жауапты және әсерлі рәсім әскери қағидалар бойынша қатаң түрде өтті: Мемлекеттік және жауынгерлік Ту астында қолына қару алған әскери қызметшілер өз Отанына қызмет етіп, оның адал қорғаны болуға салтанатты түрде ант берді.

10216 әскери бөлімінің командирі подполковник Дәулетбек Қоғабаев Отан қорғаушының өміріндегі анттың маңыздылығы туралы әскерге шақырылушыларға арналған құттықтау сөзінде айтты.

— Отанына ант бере отырып азаматтар адал әрі ардақты міндеттеме алады. Қарулы күштердің қатарына қосылған әрбір жас сарбаз басынан өткеретін қасиетті рәсімі. Сіздерге Отанымыз өзінің оңтүстік әуе кеңістігін күзетуін сеніммен тапсырып отыр. Қабылдаған анттарыңызға берік болып, қызметтеріңізді адал атқарып, Отан қорғаушы атағына лайық болуларыңызды тілеймін, — деп түйіндеді ол.

Құттықтау сөздерінен кейін, бөлімше командирлеріне жас толымды ант қабылдауға кірісу туралы бұйрық берілді. Бір ай ішінде армияның негізін ұққан жігіттер, салатанатты рәсімді нақты және ұйымдасқан түрде, жалпы айтқанда, әскери тәртіппен өткізді.

Жаңадан әскери қызметші атанған қатардағы жауынгер Нұрдәулет Рахымберді өткен уақыт ішінде олар жаңа ұжыммен бірігіп кеткенін айтты. Алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп, онда өз қызметі туралы базалық білім алғанын, сондай-ақ атыс алаңында болғанымен бөлісті.

— Бүгін біз Әскери ант қабылдап отырмыз. Осыған біз 10216 әскери бөлімінде бір ай бойы дайындалдық. Бізді командирлердің бәрі келіп жек-жеке үйретті. Бүгінгі осы күнде қобалжу болды, бірақ аман-есен өткізіп алдық. Барлығы жақсы, Рақмет. Енді алдағы уақытта жоспарымыз, бір жылдың ішінді Отан алдындағы борымызды аман-есен өтеп үйімізге қайту, — деді Нұрдәулет Рахымберді.

Салтанатты рәсім соңында Ту тобы бастаған офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамалары салтанатты шерумен өтті.