Шымкентте айтулы оқиға орын алды. 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында мегаполисте бадминтоннан Еуразиялық лиганың гранд финалы өтті. Турнир Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан федерацияларының қолдауымен ұйымдастырылды. Тартысты ойында жүлделі орынды Қазақстанның құрамасы жеңіп алды. Олардың арасында біздің мақтанышымыз шымкенттік спортшылар бар.
Диана Наменова — Қазақстан құрамасының ойыншысы. Бадминтоннан Еуразиялық лиганың гранд финалына мұқият дайындалдым дейді 16 жастағы спортшы. Бұл спорт түрімен бойжеткен 8 жасынан бастап айналысады
Диана Нменова, Қазақстан құрамасының ойыншысы: «Мен қазір Өзбекстаннан келген қызбен ойнадым. Мен бұған дейін турнирлерде Закировамен бірге ойнағанмын. Мен жарыстарға үнемі қатысып келемін. Еуразия лигасы биыл төртінші тур. Қорытынды тур. Менің әжем жаттықтырушы, анам да бадминтонмен айналысқан. Басында мен гимнастикамен айналыстым, маған ұнамады. Кейін бадминтонды таңдадым. Екінші сыныпта келдім».
Финалға дейін үш іріктеу кезеңі өтті, оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей командалары қатысты. Гранд финалға шиеленісті күрестің нәтижесінде екі елдің құрамасы – Қазақстан мен Өзбекстанның спортшылары жетті.
Осадбек Олимжанов, Өзбекстан құрама командасының ойыншысы: «Бадминтонмен шамамен 10 жыл айналысып келемін. Қазақстанға бірінші рет келуім емес. Гранд финалға екінші рет қатысамын, барлық қатысушыларға жеңіс тілеймін».
«Бұл турнир біздің спортшыларымыздың ойын деңгейінің өсуіне ықпал етіп қана қоймай, спорттық дипломатияны құрудағы және өңір елдері арасындағы байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Еуразиялық лига Орталық Азияда бадминтон мен басқа да спорт түрлерінің одан әрі дамуына ықпал ететін жыл сайынғы оқиға болатынына сенімдіміз», — дейді ұйымдастырушылар.
Ағымдағы жылы үш іріктеу кезеңі өтті, оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей командалары қатысты. Ұйымдастырушылар бадминтоннан Еуразиялық лиганың гранд финалын өткізу үшін Шымкентті таңдағанымыз кездейсоқ емес дейді.
Айбек Рахимов, Бадминтоннан Қазақстан Федерациясының бас хатшысы: «Шымкентте өтеді. Себебі, Шымкент өңірі Қазақстан бойынша бадминтон бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл жерде Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қолдауды атап өткен жөн. 29 жүлде қоры 2 млн теңгеден асады және әрбір қатысушы ақшалай сертификат алады».
Бадминтоннан Еуразиялық лиганың гранд финалында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Ерлер арасында Махсут Тәжібуллаев (Шымкент) Бурханов Тимур үздік деп танылса, әйелдер арасында Айша Жұмабек (Шымкент қ.) және Диана Наменова жүлдегер атанды.
Шынар Оразова