Шымкент қаласында 41 532 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оларға оңалту бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам қызмет көрсетілген. 1200-ден астам адамға қоларба берілсе, 9000-ға жуық азамат санаторийлік емделуге жолдама алған.
Биыл мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту бағдарламасы бойынша 49 205 өтінім қабылданып, оның 40 мыңнан астамы қанағаттандырылды. Бұл өтінімдерге сурдо-тифло техникалық құралдар, гигиеналық құралдар, санаторлық-курорттық емдеу, ымдау тілі мамандарының қызметтері және жеке көмекші қызметтері кіреді. Мәселен, мүгедектігі бар жандарға 20 359 қажетті құрал берілген.
Жанат Өтебаева, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:
«Біздің басқарманың негізі бір саласы – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау. 41532 мүгедектігі бар азамат бар. Оларға протез-ортопедиялық, сурдтотехникалық, тифло, гигиеналық, кресло арба, жеке көмекші қызметтері көрсетіледі».
Мүгедектігі бар азаматтарға арналған қызметтер тізімі де кеңейіп келеді. Мысалы, 1 266 мүгедектігі бар адамға қоларба берілді. Ал 8 916 адам емделуге жолдама алды. 2023 жылы бұл көрсеткіш 6 644 жолдаманы құраған еді.
Жанат Өтебаева, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «Мемлекеттік сатып алу арқылы 5000 адам жоспарланып, бүгінгі таңда жіберілді. Сонымен қатар, қарттарымызды толығырақ қамту мақсатында «Ізетті зейнеткер» деген мекеме ашылған. Бүгінгі таңда онда 2000-ға жуық азамат санаторийлік емделуге барып жатыр».
Айта кетейік, Шымкент қаласында 41 532 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адам 4 658 болса, екінші топтағы – 15 421, үшінші топтағы ерекше азаматтар саны – 13 485. Ал 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны 7 968-ді құрайды.