Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкентке есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Тараз қаласының 58 жастағы тұрғыны мен Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғыны ұсталып, олардан 30 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді. Бұл есірткі заттарын олар 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған.
Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауда. Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.