«Су ресурстары маркетинг» мекемесін мемлекетке қайтару мәселесі бойынша талқылау өтті

44
фото wrm.kz

Шымкентте «Су ресурстары маркетинг» мекемесін мемлекеттік меншікке қайтару туралы петицияны жария талқылау өтті. Талқылау тақырыбы бойынша барлық тілек білдірушілерге екі сағатқа жуық уақыт берілді. Тұрғындардың бірі петиция авторын қолдаса, басқалары бұған үзілді-кесілді қарсы. Заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік органдар өтініштерді белгілі бір қол саны жиналғаннан кейін қарайды: Жергілікті деңгейде қарау үшін 2 жарым мыңнан және Үкімет деңгейінде қарау үшін 50 мыңнан астам қол керек. Ал қала әкімдігінің қарауына берілген өтініш 12 мыңнан астам қол жинады.

260-тан астам азамат Қазақстан халқы Ассамблеясының залында Су арнасын мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде петицияға өз пікірін білдіру үшін жиналды. Залдағы айтылған пікірлер бір-біріне түбегейлі қарама-қайшы. Тағдыры талқыланып жатқан сумен жабдықтау кәсіпорнының басшысы бұл тәсілдің кәсіби емес екенін айтты.

Анарбек Орманов, «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің директоры: «Біздің кәсіпорынға мемлекет сатқан соны. Заңды түрде, тегін бере салған жоқ. Көпбаев мырза білмейді оны, көп нәрседен хабары жоқ. Бізге қолымызға бірде-бір қағаз берген жоқ осы күнге дейін. «Сіздер мына заңды бұзып жатыр екенсіздер, мемлекеттің саясатына қарсы жұмыс істеп жатсыздар немесе қызметтеріңіз дұрыс емес, үстеріңізден арыз-шағым көп» деп біреуі қағаз бермейді, құр сөз!»

Алайда, заңгер Қайрат Битасов онымен келіспейді. Ол Анарбек Орман сілтеме жасаған Үкімет қаулыларының үзінділерімен расталған дәлелдерін келтіріп, Шымкент қаласының әкімі болған кезде кәсіпорынды жекешелендіру туралы шешім шығарғанын атап өтті.

Қайрат Битасов, заңгер: «Бірінші этапта су арнасы мекемесін 6 мекеме бөлшектеп шығарып тастаған, екі айдан кейін тағы 5-6 шешім шығарады. Сол 6 мекемені сатады. Ал шешімге келетін болсақ, Орманов мырза шешім қабылдау үшін 13 желтоқсан 1996 жылы мына жерде 5-ші тармақта жазылған тапсырма әкімге берілмеген».

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек екі сағатқа созылған талқылауды қорытындылай келе, шешім заң аясында қабылданатынын айтты.

Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Өлмейміз деп айта алатын адам бар ма? Сондықтан бұл тұрғыдан келгенде Анарбек мырза да, осы сөзді айтып тұрған мен де өліп кетуіміз әбден мүмкін. Сол кезде бұл су кімнің қолына тиеді? Бұл тұрғыдан келгенде судың стратегиялық ресурс екенін айтып, мемлекеттің қарамағында болғаны дұрыс қой деп біз білеміз».

Бұл мәселеге нүктені сот қояды. Талқылау қорытындысы бойынша барлық дәлелдер қабылданды. Енді шешімдердің қалай боларын күту қажет.