Тәуелсіздік күні қарсаңында түркістандық 500-ден аса отбасы үйлі болды

28
фото ТОӘБҚ

Түркістан қаласында «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Нәтижесінде Тәуелсіздік мекересі қарсаңында 500-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Баспанаға ие болған тұрғындардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барды.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам түркістандық отбасы қуанышқа кенелді. Талай жылдан бері кезекте тұрған олар баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлады. Олардың көпшілігі көпбалалы отбасылар. Үйлі болғандарға пәтер кілттерін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өзі табыстап, тұрғындар қуанышын бөлісті.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Құрметті түркістандықтар біріншіден баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Екіншіден осындай қуанышты мерекелік сәтте сіздермен бірге осындай қуанышты бөлісіп те жане қуаныштарыңызға да қосылып келіп тұрмыз. Сондықтанда қос қуаныштарыңыз құтты болсын. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруіне, баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған.Бүгін кезекте тұрған 500-ден аса отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алып отыр».

5 қабатты 508 пәтерлі «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы Түркістан қаласы әкімдігінің тапсырысымен салынған. Қоныс тойын тойлағандардың бірі – көпбалалы ана Хадиша Қамбатырова.

Хадиша Қамбатырова, Түркістан қаласынын тұрғыны: «Құрметті Дархан Амангелдіұлы былтыр сіздің қабылдауыңызға үй маселесімен келген кезде жылдың аяғында үй беріледі деп айтқан едіңіз уаде беріп уадеңізде тұрдыңыз. Толқып тұрмын желтоқсан мерекесіне жане жаңа жыл қарсаңында отбасымызбен қуанып жатырмыз. Сізге жане әкімдікке алғысымды айтқым келеді.Қаламыз көркейіп дамысын,осындай мен сияқты үй кезегінде тұрғандарға жұғысты бола берсін! Рахмет көп».

Айта кетейік, биыл бұған дейін Түркістан қаласында кезекте тұрған 482 отбасы үйлі болды. Жыл қорытындысымен түркістандық 990 отбасы баспанамен қамтылатын болады.

Мұхаммедали Шалхарбай