Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына сапарлап, ондағы жүзеге асып жатқан жобалардың жәй-күйімен танысып қайтты. Алдымен облыс басшысы құрылысы жүріп жатқан кеден бекетіне барып, атқарылған жұмыстарды көрді. Одан соң мал шаруашылығына байланысты оны бордақылау және сойып сатуға арналған бекеттердің де салынып жатқан алаңына соғып, мемлекет тарапынан қарастырылатын қолдаулармен хабардар етіп кетті.
Ендігі жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалы 3 есеге өсу мүмкін. Себебі осыдан 2 жыл бұрын жөндеу жұмыстары басталған «Қапланбек» кеден бекеті жоспар бойынша келер жылы пайдалануға беріледі. Мамандар бұл ретте екі елдің арасындағы жүк тасу көлемі едәуір артады деп пайымдап отыр.
Одан бөлек, алдағы жылдары жаяу жүргіншілердің дені өтетін «Жібек жолы» бекетін жаңғырту жоспарда бар екен. Ал «Атамекен» және «Қазығұрт» шекаралық өткелдерінде қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр. Аталған өткізу бекеттерінің құрылысы аяқталар болса, олардың азаматтарды және жүктерді өткізуі ұлғайып, Қазақ – Өзбек экономикалық қарым-қатынасын арттыру мақсаты жүзеге аспақ.
Асет Нарбутин, жобаның жетекшісі: «Бізде бүгінде құрылыс 90 пайызға аяқталып қалды. Ішкі жұмыстар бітті деуге болады. Сыртқы жұмыстар қалып тұр. Бітіру мерзіміне үлгереміз, Алла жазса. Сыртқы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Бұйырса, жыл соңына дейін бітіреміз».
Түркістан облысы ет экспорты бойынша республикада бірінші орында тұр екен. Осы шаруашылықтың көзін тапқан түркістандықтар мұнымен тоқтар емес. Облыстың Сарыағаш ауданында ірі малды бордақылау алаңы мен мал сою бекеттерін және ашу қолға алынған.
Соның бірі сарыағаштық жеке кәсіпкердің қаражатынан жылына 15000 бас уақ малды бордақылайтын ферма жобасы. Оның құны 1 млрд. теңге. Бордақылау алаңы іске асқаннан кейін 25 адамды жұмыспен қамтымақ. Өз кезегінде өңір басшысы, шаруашылықты дамыту үшін арнайы қарастырылған мемлекеттік қолдауларды айтып, шаруаға сәттілік тіледі.
Сапарының соңында Дархан Сатыбалды «Бес қара» ЖШС-нің көлік-логистикаклық орталығындағы құрылыс жұмыстарының деңгейін білуге арнайы соқты. Бұл орталық іске қосылса, тәулігініне 300 жүк көлігін қабылтайтын болады. Және 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Осындай ірі жобалардың ілгері басып жатқанына облыс әкімі дән риза болып, жергілікті жауаптыларға дайым қолдауды тапсырды.