Заңсыз айырбас айналымы 7 млрд. теңгені құрады

24
фото kaspersky.ru

Заңнамаға сәйкес криптовалюталарды айналымға «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында ғана жіберуге рұқсат етіледі.

Ал ХҚОА-ның қаржылық платформасынан тыс қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің операцияларын (айырбастау) жүзеге асырғаны үшін заңмен жауапкершілік қарастырылған.

Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, кейбір азаматтар ХҚОА-ның сайтына тіркелместен, ірі сомаларға айырбастау операцияларын жүргізеді.

Сот үкімімен екі тұлға ҚК-нің 214-бабымен кінәлі деп танылып, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Жалпы заңсыз айырбас айналымы 7 млрд теңгені құрады.

Елорда прокуратурасы мемлекет мүддесі үшін келтірген талап сот шешімімен қанағаттандырылды. Мемлекет пайдасына сотталғандардан 7 млрд теңге көлеміндегі заңсыз табыс сомасы өндірілді.

Жалпы, прокуратура азаматтық сот ісін жүргізуде 7,9 млрд теңге сомасында 4 талап беріп, олар соттың шешімдерімен қанағаттандырылып, жауапкерлерден келтірілген залал сомалары толық көлемде өндірілді.