Ағымдағы жылы жалпыға бірдей декаларцияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайылары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырады. Ал келер 2025 жылдан бастап бұл міндет кімдерге жүктеледі?
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде, яғни 2024 жылдан бастап декларацияны тапсыру міндеті заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайыларына жүктелген. Аталған санаттағы азаматтар декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.
Анарай Дулатова, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: «Декларацияны ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруы тиіс еді. Әл-Фараби ауданы бойынша 4307 салық төлеуші 250, 270 формадағы декаларцияны тапсырмады. 2200 дара кәсіпкер мен ЖШС декларация бойынша есеп берді. Декларацияны мерзімінде тапсырмаған 2200 салық төлеушінің есеп шоты бұғатталды. Декларацияны ұсыну тәсілдері Егов, қолдау веб порталдары, кабинет. Салық. Кз сайтындағы Салық төлеушінің кабинеті, Е салық Азамат, Е гов мобил, Халық. ВСС. Кз мобильдңі қосымшалары. Активтер мен міндеттеремлер туралы декларацияда ҚР тыс жерлердегі мүлік, көлік құралдары барлық банк салымдары, бағалы қағаздар, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша табыс көрсетілуі тиіс».
Активтер мен міндеттеремлер туралы декларацияда ҚР тыс жерлердегі мүлік, көлік құралдары барлық банк салымдары, бағалы қағаздар, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша табыс көрсетілуі тиіс. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелде мүлкі бар және кейбір санаттағы азаматтар декларацияны тапсыруға міндеттеледі. Мәселен. Алматы қаласы бойынша кірістер департаменті 250-ші форма бойынша салық есебін өткізетіндердің тізімін атады.
Олардың қатарында шетелде мүлкі бар, банктің, бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болуға өтініш бергендер, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушылары мен 20 000 АЕК немесе 73 млн теңгеден асқан ірі көлемдегі мүлікті сатып алғандар бар.
Қанағат Күлімбаев, Алматы қаласы бойынша кірістер департаментінің басқарма басшысы: «31 желтоқсанға дейін, егер де сізде қолма-қол ақша болатын болса, ол қолма-қол ақша 10 000 АЕК-тен асатын болса, онда оны банкке салуға шақырамыз. Сол дұрыс болады. Қазір банкке салып, одан кейін қалған ақшасын өз еркімен келесі жылы 250-нысанда қолма-қол ақшасын көрсете алады».
Сондай-ақ азаматтар шетелдегі жылжымайтын мүлкі мен көлік құралдарын, зияткерлік меншік нысандары мен цифрлық активтерін, 1 000 АЕК-тен асатын шетел банктеріндегі қаражаты мен антиквариат, зергерлік бұйымдарын декларациялау қажет. Оған қоса, жауаптылар ірі көлемде қолма-қол қаржысы бар азаматтарға ескерту айтты. Жыл соңына дейін қаражатын банкке салып, есебін жүргізсе, декларация тапсыруда кедергі болмайды.