Жаңа жылдан бастап Қазақстанда жүргізушілерге қатысты айыппұлдар өседі

33
фото ПД

 

Келесі жылдан бастап қазақстандық жүргізушілер үшін айыппұлдардың құны өсуі мүмкін. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК көлемі 240 теңгеге артып, 3 932 теңгені құрайды. Жылдамдықты 60 км/сағаттан артық асырғаны үшін айыппұл 147 мың теңге емес, 157 мың теңге болады. Алайда, жүргізушілердің өздері айыппұлдардың көбейуі жолдағы апат деңгейіне ешқандай әсер етпейді деп есептейді.

Виктор Шабанов, такси гильдиясының төрағасы: «Менің ойымша, бір жағынан жақсы, бір жағынан жаман. Мұнда біраз талқылайтын мәселелер жеткілікті. Айыппұлдардың өзі, яғни оның құны жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер етпейді. Бұл айыппұлдар кейде әділ болмауы мүмкін».

Мұхамедали Шалхарбай