19 жастағы екі дроппер-студент сотқа тартылды

33
Иллюстрациялық фото: SDI Productions / Getty Images
Ақпараттық жүйені пайдаланушының алдау немесе сеніміне қиянат жасау жолымен жасалған алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру алаяқтың жеке басын анықтауға байланысты тоқтатылған кезде, жәбірленушілер тарапынан сотқа жүгінулер саны өсті.
 Мұндай жағдайларда жәбірленушілер алаяқтар бөтен ақшаны тартып алу үшін өз схемаларында қолданатын дропперлер деп аталатындардан негізсіз баюды өндіріп алуды сұрайды.
Қостанай облысы Қарабалық аудандық соты 19 жастағы екі дроппер-студентке қатысты негізсіз баюды өндіру туралы екі талап қоюды қарады.  Талап қоюшы олардың әрқайсысынан 9 млн теңгеден астам соманы өндіруді сұраған.
 Жауапкерлердің бірі негізсіз баюды жоққа шығарған, өйткені олар алған 9 млн теңгеден астам ақшаның барлығын талап қоюшы алаяқ көрсеткен есепшоттарға аударған.
 Екіншісі шоттары бойынша банктік операцияларды білмейтінін, түскен ақшаны басқаларға аудармағанын, банкте есепшот ашпағанын атап өткен.  Анықталғандай, банктің мобильді қосымшасы оның биометриялық растамасы арқылы және оның нөміріне жіберілген SMS/PUSH-қауіпсіздік кодтарын енгізу арқылы тіркелген.
Талап қоюшы студенттермен таныс емес, олармен мәміле жасамаған, олардың алдында міндеттемелері болмаған және қайырымдылықпен айналыспаған. Сот жауапкерлердің әрекеттері талап қоюшының есебінен негізсіз баюға әкеп соғады және екі талап қою да қанағаттандырылды деген қорытындыға келді. Шешімдер заңды күшіне енген жоқ.
 Қызылорда қаласының 60 жастағы тұрғынына белгісіз біреулер қоңырау шалып, өздерін ұялы байланыс компаниясының операторымын деп таныстырған.
Оның банк картасының мәліметтерін иемденген алаяқтар оның атына 4,8 млн теңге несие рәсімдеп, кейін ол қаражат басқа адамдардың есепшотына аударылған.
 Полицейлер зейнеткерді жәбірленуші деп танып, алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы).  Әйел соттан банктік аударым (дропперден) алушыдан негізсіз баюы үшін 2 млн теңге өндіруді сұрады. Дроппер Telegram-да ықтимал табыс туралы ұсынысқа келіскенін, ол үшін банктік шот ашып, алаяқтардың нұсқауы бойынша үшінші тұлғаларға аударған ақшасын алғанын атап өтті.  Әр транзакция үшін 5 мың теңге алған.  Сот зейнеткердің пайдасына дропперден 2 млн теңге өндірді.
 Қызылорда облыстық соты бұл шешіммен келісіп, дроппер белгісіз адамнар ақша алған кезде оны қайтармағанын, сондықтан оның ақшаны басқа адамдарға беруі өз қалауы бойынша ұйғарым ретінде қарастырылатынын атап өтті.
Дроппер 2 млн теңгені алуының заңдылығын дәлелдемегеніне байланысты сот оған бұл ақшаны зейнеткерге қайтаруды міндеттеді.