220 компания зейнетақы жарналарын төлемеген

14
фото ШҚПБҚ

Шымкенттегі 220 компания қызметкерлеріне міндетті жарналарды төлемеген. Тексеріс барысында 720 жұмыскердің зейнетақы қорына тиісті төлемдердің түспегені анықталды. Мұны қалалық прокуратура қызметкерлері мәлімдеп отыр.

Шымкент қаласының прокуратурасы: «Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде қызметкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, жұмыс берушілер зейнетақы қорына 16 млн теңге жарналарын төледі»

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік кодекстің жаңа ережелері қолданысқа енгізілді. Енді жұмыс берушілер қызметкер табысының 1,5 пайызын зейнетақы қорына қосымша төлеуге міндетті.