Шымкентте сіңлісін өлтірген келіншекке сот үкімі шықты. 30 жастағы әйел әпкесінің 6 жастағы қызын ұйқыдан жылап оянғаны үшін жазаламақ болған. Балақайдың аяқ-қолын матап байлаған қаскөй, оны жерге құлатып ұрып-соққан. Салдарынан сіңлісі есінен танып қалған. Бірақ, туған әпкесінің қызын аямаған қылмыскер қыз балаға көрсеткен қорлығын мұнымен тоқтатпаған. Ваннаға су толтырып, тұншықтырып өлтірген.
Шымкент қаласының соты: «Прокурор сотталушы Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ал жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Ал сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамаған және жеңіл жаза сұраған».
Сот туысын тұншықтырып өлтірген әйелге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот барысында келіншек өз кінәсін мойындамағанымен заттай дәлелдеме мен сараптама нәтижесі оның қылмысын айғақтаған. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.