Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды.
К. ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен (діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау) айыпталған. К. 2023 жылдың тамыз айы мен 2024 жылдың қыркүйек айы аралығында «TikTok» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында «неотәңіршілдік» дініне қатысты «стрим» тікелей хабарларын өткізіп, әлеуметтік желісін қолданушылар арасында ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздыруды негіздейтін ойларын жария жасаған.
Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді. Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. К. кінәсін мойындамай өзін ақтауды сұрады.
Сот, К.-ға жаза тағайындауда қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықтамағанын, сонымен қатар, сотталушының жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірмегенін ескерді. Сот, К-ны ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, түпкілікті 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.