Кәмелетке толмаған екі баланың анасы олардың кінәсінен өзі және баласы моральдық зардап шеккен авиакомпаниядан моральдық шығынды өндіру туралы сотқа талап қою жолдаған. 2024 жылдың 20 шілдесінде оның балалары топ жетекшісімен бірге АҚШ-тан Түркия арқылы ұшып кеткені анықталды.
2024 жылдың 21 шілдесінде сағат 09:40-та оның 12 жасар егіздері отырған ұшақ Астанаға қонды, олар сол күні Орал қаласына ұшулары керек еді. Алайда, ұшаққа отыру үшін талап қоюшының бір баласы ғана тіркелген. Ұшақ еріп жүрген адаммен егіздің бірі және басқа балалармен бірге сағат 14:20-да Оралға ұшып кеткенде, оның егіз әпкесі тіркеу орнында қалған. Оралға келесі рейс ертесі күні болған. Сондықтан, әуе компаниясы талап қоюшының үлкендердің қарауынсыз қалған баласын қонақүйге тіркеуді ұсынған, дегенмен заң бойынша сағат 23.00-ден таңғы 6-ға дейін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына рұқсат етілмейді.
Талап қоюшы туысқанына балаға қарауына өтініш білдіріп, ол келіскен, бірақ әуе компаниясы оның жолаушы еместігін алға тартып, оның қонақүйде тұру ақысын төлеуден бас тартқан.
Бала мен оның туысының әуежайдан шығуы полиция қызметкерлерінің көмегімен ғана ұйымдастырылған. Әуе компаниясының супервайзері сотта кәмелетке толмаған жолаушы ұшақ 188 орны бардан 180 орынды ұшаққа ауыстырылғандықтан сол күні рейсімен ұша алмағанын айтқан.
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты әуе компаниясы қызметкерлерінің кәмелетке толмағанды ұшақ бортына жібермей, оның жолсеріксіз жалғыз қалғанын ескеріп, талап қоюшының пайдасына авиакомпаниядан моральдық шығын үшін 5 млн теңге өндірді. Соның салдарынан тала қоюшы және оның кәмелетке толмаған қызы Оралға ұшып кеткенше ұзақ уақыт бойы күйзеліске, үмітсіздікке және жайсыздыққа ұшыраған.
Талап қоюшы басқа қалада болғандықтан туыстарынан көмек сұрауға мәжбүр болған.
Апелляция шешімді күшінде қалдырды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әуе компаниясына ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігі бойынша 3 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салған болатын.
Сот жолаушының билеті келесі рейске қайта брондалған соң, тасымалдаушы жөнелтілгенге дейін өз міндеттемелерін дұрыс орындамағаны, оған сусындар, ыстық тамақ немесе қонақүйде тұру және әуежайға қонақүйге және кері қайтару ұйымдастырылмағанын, трансфермен қамтамасыз етілмегенін анықтады.