Биыл 600 мыңға жуық мемлекеттік қызметкердің айлық табысы артады. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Жалақыны көтеру бухгалтер, экономист, заңгер, мұрағатшы, кітапханашы мен мұражайтанушы, орманшы, техникалық қызметкерлер және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін азаматтарға қатысты.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі:
«Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% — ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады. Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды»
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте 470-тен астам кітапханашы жұмыс істейді. Ал, мұрағатшы мамандығында 48 қызметкер бар. Сонымен қатар, мегаполисте 1200-ден астам заңгер қызмет етеді.