Дәрігерлер кедергі келтірген

26

Шымкенттік дәрігерлер 103 науқастың мүгедектігін анықтауға кедергі келтірген. Олар пациенттерді қажетті медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жібермеген көрінеді. Мұны қалалық прокуратура қызметкерлері мәлімдеп отыр. Қадағалау актісі бойынша 18 науқасқа мүгедектік белгіленіп, әлеуметтік көмек көрсету құқығы қалпына келтірілді. Қалғандарына қатысты медициналық диагностикалық шаралар жүргізілуде.

Шымкент қаласының прокуратурасы: «Бұзушылықтар үшін 42 емхана қызметкері, 14 жауапты бөлім меңгерушілері мен бас дәрігердің орынбасарлары жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда».